ҚАЗАҚША / РУССКИЙ / ENGLISH

Кітапханалық-ақпараттық орталық қорын пайдалану құқығы университет студенттеріне, магистранттарына, профессорлық–оқытушылар құрамына, ғылыми қызметкерлеріне беріледі;

Әдебиетті үйге пайдалануға алу абонемент бөлімдерінде ұйымдастырылады. Соңғы немесе бір ғана данадағы, сондай-ақ, «міндетті дана» белгісі бар кітап үйге пайдалануға берілмейді. Оқу залынан әдебиетті тыс шығаруға тыйым салынады;

Кітапханалық-ақпараттық орталыққа жазылу үшін пайдаланушы өзінің осы университетте оқитындығын немесе қызмет ететіндігін дәлелдейтін құжаты: студенттер үшін - студенттік билеті мен /төл құжат/, 3х4 өлшемді бір фотосуреті, оқытушылар мен қызметкерлер үшін –жеке куәлігі мен /кадр бөлімінен анықтама/ және 3х4 өлшемді бір фотосуреті қажет;

Пайдаланушыға Кітапханалық-ақпараттық орталықты пайдалану құқығын иемденетін бірыңғай «Оқырман билеті» беріліп, оқырман формуляры  толтырылады;

Кітапханаға жазылар кезде пайдаланушы «Кітапханалық-ақпараттық орталығын  (Ғылыми кітапхана) пайдалану ережесімен» танысып, оларды орындауға міндеттеуін оқырман формулярына қол қою арқылы растауы қажет;

Кітапханалық-ақпараттық орталық абонемент бөлімдерінде жыл сайын өз пайдаланушыларын қайта тіркеуден өткізеді, оларға белгіленген мерзімге берілген кітаптардың уақытын ұзартады.  Қайта тіркеуден өтпеген пайдаланушыларға қызмет көрсетілмейді;

Оқу орнынан кетерде пайдаланушы өзіне жазылған басылымдар мен оқырман билетін Кітапханалық-ақпараттық орталыққа қайтарады;

Пайдаланушы Кітапханалық-ақпараттық орталықтағы жиһаздар мен техникалық құрал-жабдықтарға ұқыптылықпен қарауға, ақпараттық, дәстүрлі және электронды тасымалдағыштарды пайдалануда техникалық талаптарды сақтауға міндетті;

Кітаптарды және басқа баспасөз туындылары мен құжаттарды алар кезде пайдаланушы басылымды мұқият тексеріп шығуы тиіс. Қандай да бір ақау табылған жағдайда (жыртылған бет, парақ) ол жөнінде кезекші кітапханашыға: абонементтерде - 3 күн аралығында, оқу залдарында - кітап беру кафедрасының жанынан кетпей тұрып мәлімдеуі тиіс. Олай болмаған жағдайда кемшіліктің орнын кітапты соңғы пайдаланған пайдаланушы толтырады;

«Кітапханалық-ақпараттық орталығын пайдалану Ережесін» бұзған немесе  залал келтірген пайдаланушылар, Қазақстан Республикасы Заңдарында қолдануға көзделген және Кітапханалық-ақпараттық орталық Ережесі мен оны пайдалану Ережесіне сәйкес ескерілген нысанда әкімшілік, материалдық және қылмыстық жауапқа тартылып, Кітапханалық-ақпараттық орталықтың Әкімшілігі бекіткен шешіміне сай белгіленген мерзім бойы кітапхананы пайдалану құқығынан айырылады;

Басылымға зиян келтірген немесе жоғалтқан  пайдаланушы оны дәл осындай басылыммен немесе Кітапханалық-ақпараттық орталық соған тең деп тапқан басқа басылыммен алмастырады;

Кітапханалық-ақпараттық орталық Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтік және рухани дамуын әрі қарай дамыту мақсатында өз кітап қорларын тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге тиісті.

Абонементті пайдалану ережесі

Абонементте әдебиет үйге мына мерзімге беріледі:

- Қоғамдық ғылымдар жөніндегі кітаптар шектеусіз - бір жылға;

- Оқулық және әдістемелік әдебиеттер, белгіленген уақытта қайта тіркеуден өткізілуі міндетті, егер оқулық аз дана болған жағдайда  - 10-30 күнге;

- Ғылыми және арнаулы әдебиет – 5 кітап мөлшерінде - 20 күнге;

- Көркем әдебиеттер - 3 кітап мөлшерінде - 15 күнге беріледі;

- Әдебиеттерді пайдалану мерзімі басқа пайдаланушылар тарапынан сұраным болмаған жағдайда ұзартылуы немесе сұраным көп болған жағдайда қысқартылуы мүмкін;

- Пайдаланушы алған әрбір данаға  кітаптың формулярына қол қояды;

- Сырттай оқитын студенттер қажетті әдебиетпен сессия аралық кезеңінде қамтамасыз етіледі;

- Пайдаланушы абонементтен әдебиеттерді пайдалануға «Оқырман билетін» көрсету арқылы, оқырман кітапшасын толтыру және алғандығын растайтын кепілділік ретінде қол қоюы арқылы беріледі;

- Оқырман билеті пайдаланушыға жалпы оқу мерзіміне сай – бір-ақ  рет беріледі;

- Оқырман билетін жоғалтқан жағдайда оқырман кету қағазын (обходной лист) толтырады, оқырман билетінің екінші  нұсқасын (дубликатын) өз құнын төлеп алады.

Оқу залын пайдалану ережесі

- Оқу залында (түнгі оқу залында да) қызмет көрсету студенттерге - оқырман билеті арқылы, ал оқытушылар мен қызметкерлерге – қызметтік  куәлігі  бойынша жүргізіледі;

- Кітап беру үрдісі пайдаланушының алған әрбір басылымның кітап формулярына қол қоюы арқылы жүргізіледі;

- Оқу залына жеке және басқа кітапхана кітаптарымен, газет-журналдарымен, баспа басылымдарымен кіруге болмайды;

- Кітап парағын жыртуға, залда дайындалып отырған басқа пайдаланушыларға кедергі жасауға және шулауға болмайды;

- Әдебиеттерді тек оқу залында ғана пайдалануға болады. Кітапты алып шығуға тыйым салынады;

- Осы Ережені бұзған жағдайда пайдаланушы Кітапханалық-ақпараттық орталық әкімшілігі бекіткен мерзімге сай кітапхананы пайдалану құқығынан айырылады;

- Сирек кітаптар, диссертациялар, авторефераттар тек Ғылыми оқу залдарында  ғана беріледі;

- Электронды оқу залдары жедел ақпарат беру мен кітапханалық-ақпараттық  қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді, пайдаланушыларға меншікті және толық мәтінді иемденген электронды ақпараттық ресурстарға қолжеткізу мүмкіндігін береді;

Пайдаланушылар  құқығы

- Кітапханалық-ақпараттық орталықтың барлық пайдаланушылары өзінің қызығушылығы мен талабына орай кітапхана бөлімдерін таңдауға құқылы;

- Пайдаланушылар екі тілде – мемлекеттік не орыс тілінде қызмет көрсетуді талап етуге құқылы;

- Пайдаланушы Кітапханалық-ақпараттық орталықтың негізгі қызметтерін ақысыз пайдалануға құқылы;

- Ақпарат көздерін іздеуде және таңдауда Кітапханалық-ақпараттық орталық тарапынан ақыл-кеңес алуға;

- Каталогтар, картотекалар мен оларды қолдану ережесі туралы ақпарат алуға;

- Кітапхана қорынан құжаттарды уақытша қолдануға алуға;

- Библиографиялық-ақпараттық қызметті, дәстүрлі және электронды іздеу аппараттарын қолдануға;

- Кітапханалық-ақпараттық орталықтың қорымен, кітап көрмелерімен, басқа ресурстарымен танысуға;

- Электрондық оқулықтар мен электрондық ресурстарды оқу залдарында пайдалануға құқылы.

Пайдаланушылар міндеттері мен жауапкершіліктері:

- Кітапханалық-ақпараттық орталық пайдаланушылары  «Кітапханалық-ақпараттық орталығын  пайдалану ережесін» сақтауға міндетті;

- Кітапханалық-ақпараттық орталық кешені қорын  және интернетті  тек ғана ғылым және білім мақсатында пайдалану;

- Кітапханалық-ақпараттық орталық  қорынан алынған құжаттарға мұқият қарау, оларды белгіленген уақытта қайтару, кітаптарды кітапханашының рұқсатынсыз оқу залынан алып шығуға, кітапқа ешқандай белгілер, сызулар түсірмеу, кітап беттерін бүктемеу, каталогтан карточканы шығармауға міндетті;

- Әдебиеттерді алу үшін оқырман билетін ұсыну, әр басылым үшін пайдаланушы кітап формулярына қол қоюы қажет;

- Құжаттарды алу кезінде пайдаланушы оларды мұқият қарап шығып, ақауы болса, кітапханашыны хабардар етуі, ал кітапханашы оған сәйкесінше белгілер қоюы қажет;

- Кітапханалық-ақпараттық орталығын пайдалану ережесін бұзған, оған зиян келтірген пайдаланушы қолданыстағы заңнамаға сәйкес материалдық жауапқа тартылады;

- Басылымды жоғалтқан пайдаланушы оны дәл осындай басылыммен немесе Кітапханалық-ақпараттық орталық соған тең деп тапқан басқа да басылыммен алмастырылады;

- Кітапханалық-ақпараттық орталығын  пайдалану ережесін бұзған пайдаланушы кітапхана кеңесі белгілеген уақытқа  пайдалану құқығын жоғалтады. Ол құқықтан айыру мерзімі әр құқық бұзушылыққа жеке белгіленеді;

- Жылдың басында (қаңтар) пайдаланушы абонементте қайта тіркелуден өтуі керек. Қайта тіркелу кезінде пайдаланушы қарызын өтеп, қолындағы әдебиеттерді қайта тіркейді. Қайта тіркелмеген пайдаланушыға қызмет көрсетілмейді;

- Пайдаланушы Кітапханалық-ақпараттық орталық залдарында тәртіп пен тыныштық сақтауы және ішкі тәртіп ережелеріне бағынуы керек;

Пайдаланушыға рұқсат етілмейді:

- Пайдаланушы өз оқырман билетін басқа пайдаланушыға пайдалануға беруге және басқа оқырманның билетін алып пайдалануға;

- Кітапханалық-ақпараттық орталыққа сырт киіммен кіруге;

- Кітапханалық-ақпараттық орталық бөлімдерінде тыныштық пен тәртіпті бұзуға;

- Кітапханалық-ақпараттық орталық бөлімдерінде ұялы телефон қолдануға;

- Рұқсатсыз Кітапханалық-ақпараттық орталық бөлімінен кітаптарды алып шығуға;

- Кітапханалық-ақпараттық орталық басылымдарына (оларға белгі салуға, парақтарын жыртуға, жиектерін бүгуге т.б.) зиян келтіруге;

- Картотекалар мен каталогтардан карточкаларды шығаруға;

- Кітап сақтау орындарына рұқсатсыз кіруге;

- Пайдаланушыға қоғамдық немесе коммерциялық мақсаттар үшін электронды кітапхананың материалдарын өзгертуге, таратуға, жариялауға.

Кітапханалық-ақпараттық орталық құқылы:

- Жоғары оқу орны кітапханасының мақсаты мен міндеттеріне сай кәсіптік қызмет мазмұнын өздері анықтауға;

- Кадр мәселесін реттеуге;

- Ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттар мен технологиялық нұсқаулықтарды бекітуге;

- Кітапханалық-ақпараттық орталықтан алынған кітаптарды қайтарылуын тұрақты бақылауға алуға;

- Кітапханалық-ақпараттық орталығын пайдалану ережесін бұзған пайдаланушыларға айыппұл салуға;

- Пайдаланушыларға көрсетілетін қызмет түрін кеңейту және егер оның негізгі қызметіне кедергі келтірмейтін болса, Кітапханалық-ақпараттық орталықты әлеуметтік-шығармашылық  дамыту мақсатында шаруашылық және экономикалық қызметті жүзеге асыруға;

- Басылымдарды қолға беру мерзімін анықтауға;

- Шетелдік, республикалық, қалалық кітапханалармен байланыс жасауға, кітапханалық іс-шараларға қатысуға, әлемдік кітапхана ісі теориясы мен іс-тәжірибесін оқып үйренуге;

- Қорды жинақтау көзін дербес анықтауға;

- Өз қорынан қолданыстағы нормативті және құқықтық актілерге сәйкес құжаттарды есептен шығаруға.

Кітапханалық-ақпараттық орталық міндеті:

- Өз қызметінде адамгершілік, саяси және идеологиялық көппікірлік принциптерін басшылыққа алуға;

- Пайдаланушыға Кітапханалық-ақпараттық орталықтың барлық қорын пайдалануға мүмкіндік беруге;

- Кітапханалық-ақпараттық орталықта  пайдаланушы жұмыс істеуге қажетті жағдай жасауға;

- Пайдаланушыны барлық көрсетілетін қызмет түрімен таныстыруға;

- Өз қоры мен көрсететін қызметін насихаттауға, кітапқа деген қызығушылықты ынталандыруға;

- Пайдаланушы талаптарын зерттеу және оны барынша қанағаттандыру;

- Кітапханалық және ақпараттық қызмет көрсетуді, кітапты насихаттауды бұл мақсатта пайдаланушылармен жеке және жалпы жұмыстың түрлі формаларын қолдану, сондай-ақ компьютерлік технологияларды енгізу арқылы жетілдіруге;

- Студенттердің кітапқа деген сүйіспеншілігін, өзіндік жетілуге, білімге, кітап оқуға қызығушылығын тудыруға;

- Кітапханалық-библиографиялық білім негізінде әңгіме, ауызша кеңес беру арқылы пайдаланушылардың кітапханалық сауаттылығын, оқу мәдениетін көтеруге;

- Пайдаланушы  сұранысын керекті әдебиеттер тізімі бойынша іздеуге, кейбір жағдайда жеке тақырыптар бойынша әдебиеттер іріктеуге;

- Пайдаланушыға қанағаттанарлық деңгейде қызмет көрсетуге, анықтамалық-библиографиялық қызмет, деректер қорын пайдалана отырып қызмет көрсетуге, жаңа түскен әдебиеттерді жүйелі түрде таныстырып отыруға;

- Белгіленген ережелерге сәйкес Кітапханалық-ақпараттық орталық қорындағы басылымдарды пайдалану, сақтау, есепке алуды жүзеге асыруға;

- Кітаптарды, баспасөз туындылары мен басқа материалдарды пайдалану мерзімінен 10 күн өткеннен кейін, пайдаланушыға, оларды үш күндік мерзім ішінде Кітапханалық-ақпараттық орталыққа қайтару қажеттігі жөнінде хабарлауға;

- Егер кітаптар бұл мерзімде  қайтарылмаса, Кітапханалық-ақпараттық орталық  пайдаланушыға оларды 10 күн ішінде қайтару немесе мазмұны мен бағасы бірдей кітаппен алмастыру жөнінде жазбаша талап жіберуге;

- Талапта қайтарылмаған немесе алмастыру мүмкін болмаған жағдайда пайдаланушыдан бұл басылымдардың шынайы нарықтық құны өндіріліп алынатыны туралы ескертуге;

- Егер пайдаланушы көрсетілген мерзім ішінде кітаптарды қайтармаса немесе құны бірдей басылымға алмастырмаса, Кітапханалық-ақпараттық орталық  факультет деканатына жоғалған, бүлінген кітап, баспасөз туындысы мен басқа да материалдардың шынайы нарықтық құнын өндіріп алу жөнінде талап жіберуге;

- Пайдаланушыға Кітапханалық-ақпараттық орталық  қорын пайдалануға шектеу қоймауға;

- Кітапханалық-ақпараттық орталығын  пайдалану Ережесін бұзған немесе залал келтірген пайдаланушыларға, Қазақстан Республикасы Заңында көзделген нысандар бойынша, Кітапханалық-ақпараттық орталық  (ғылыми кітапхана) Ережесі мен осы Кітапханалық-ақпараттық орталығын  пайдалану Ережесінде белгіленген шаралар қолдануға.


 

© 2013 Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасының ресми сайты
Барлық құқықтар қорғаулы

Байланыс:
Қазақстан Республикасы,
Тараз қ., Төле би көш., 60
тел:8 (7262) 45 74 33
факс:8 (7262) 43 24 02
targubibl@tarsu.kz