ҚАЗАҚША / РУССКИЙ / ENGLISH
Негізгі
Ұлы даланы ұлықтау  - ұрпақ  парызы.

2019 жылдың 9-сәуірінде сағ.14.30да университетіміздің Мұражайында кітапханалық - ақпараттық орталығының №1 оқу залының қызметкерлері мен «Филология және журналистика» кафедрасының студенттерінің ұйымдастырумен ҚР-ның Тұңғыш Президенті - Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына орай «Ұлы даланы ұлықтау – ұрпақ парызы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел барысында Филология 1 курс білімгерлері: Ш.Яқыпбаева «Атқа міну мәдениеті», Ж.Шаяз «Ұлы даладағы ежелгі металлургия», А.Кемалладинова «Аң стилі», А.Төрткүлбаева «Алтын адам», Н.Әбітай «Түркі әлемінің бесігі», Т.Садуа «Ұлы Жібек жолы», А.Пралиева «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны» тақырыптарына және Ж.Жәкенова «Тарихи сананы жаңғырту» бөліміндегі жобалар туралы өз ойларымен бөлісіп, осы мәселердің қазіргі қазақ қоғамына тигізер пайдасын да тілге тиек етті. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы барша жастардың тарихын тереңінен танып біліп, Отансүйгіштік қасиетінің артуына сөзсіз жоғары идеологиялық тәрбие болмақ.
Бұл мақала ұлттық мұраларымызды терең тануға серпін беретін үлкен тарихи мәнге ие өсиет болып табылады.

 

© 2013 Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасының ресми сайты
Барлық құқықтар қорғаулы

Байланыс:
Қазақстан Республикасы,
Тараз қ., Төле би көш., 60
тел:8 (7262) 45 74 33
факс:8 (7262) 43 24 02
targubibl@tarsu.kz