ҚАЗАҚША / РУССКИЙ / ENGLISH
Негізгі
Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған күн. Тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдері үшін қасиетті қазақ жері олардың өз Отанына айналды.
Үстіміздегі жылдың 1 наурызында №8 Түнгі оқу залында осы айтулы күнге арналған «Рахмет саған, Отаным!» атты дивертисмент кеші болып өтті. Кітапханалық-ақпараттық орталықтың бөлім басшысы Балхия Маткулова кешті ашып, ризашылық пен алғыс туралы түсінік берді. Кеш тақырыпқа байланысты мазмұнды етіп жасалған бейне-слайд көрсетілімімен, ән-күй, бимен жалғасты. «Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникациялар» факультетінің 3-курс студенті Жапсаров Айбек, Пернеқұл Жасұлан  мерекеге орай өз тілектерін жеткізіп, домбыраның сүйемелдеуімен ән жолдады. «Технология» факультеті «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандығының 1 курс студенті Айымқұлов Пердебай бірнеше күй орындап, кеш ажарын аша түсті. «Биотехнология» мамандығының 2 курс студенті Тұрсыналы Жәния, Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің студенттері Елдашова Бахор, Языева Хурма, Оразова Айпара түрікмен биін билеп берді. Кеш соңында Ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Жарылқасынова Алия кітап көрмесімен таныстырды, сондай-ақ кешке жиналған қауым бір-бірлеріне алғыстарын білдірді. Жалпы, кеш әсерлі әрі тартымды өтті.

 

© 2013 Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасының ресми сайты
Барлық құқықтар қорғаулы

Байланыс:
Қазақстан Республикасы,
Тараз қ., Төле би көш., 60
тел:8 (7262) 45 74 33
факс:8 (7262) 43 24 02
targubibl@tarsu.kz