ҚАЗАҚША / РУССКИЙ / ENGLISH

"ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ" МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША


«АСТЫҚ КЕПТІРУ ЖӘНЕ САҚТАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ»

Оқулықта астық кептірудің теориялық негізі, астықты салқындату және кептіру технологиясы мен техникасы, астықты кептіру тәртіптері, кептіргіштерді есептеу әдістері, астықты және оның өнімдерін сақтау негіздері қарастырылған. Астық массасында болатын жылу физикалық, физиологиялық және микробиологиялық үдерістері, астық зиянкестерімен күресу жолдары зерделенген.
Оқулық өңдеу өндірістері саласындағы бакалавр технологтарына, магистранттарына, докторанттарына, ғылыми қызметкерлерге және астықты дайындау, сақтау, ұн, жарма, құрама жем шығару кәсіпорындарының мамандарына арналған.


«ТАҒАМ БИОТЕХНОЛОГИЯСЫ»

«Тағам биотехнологиясы» оқулығы XXI ғасырдың ғылымдарының даму бағытында басылымдылыққа ие болатын тамақ биотехнологиясының қазіцргі заманауи жағдайын қамтиды.
Авторлар негізгі терминпдерді және өсімдік, сүт және мал шикізаттарын өңдеудің негіздерін қарастырған. Аса маңызды тамақ өндірісінің жекелеген тармақтарына биотехнологиялық үдерістерін сипаттаған.
Оқулықтың арнайы бөлігінде нан пісіру, сүт және кондитерлік өндірістің микробиологиясы зерттеледі. Тамақ өндірісінің сапасын бақылау жүйесі, тамақ қауіпсіздігі жеке тарауда қарастырылады.
Оқулық студенттерге, магистранттарға, осы пәннен сабақ беретін ұстаздарға арналған.




«ӨҢДЕУ ӨНДІРІСІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ»


Оқулықта ұн, жарма, құрама жем, нан, макарон, кондитер, қант, крахмал, спирт, арақ, коньяк өнімдерін өндіру технологиялары келтірілген. Бұл өнімдердің теориялық, тәжірибелік негіздері, өнімдердің түрлері және сапасы туралы айтылған.
Оқулық «Өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандарын дайындауда студент бакалавр мен магистранттарға арналған.

 




«ҰН ӨНДІРІСІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ»

Оқулықта ұн өндірісі саласы терең зерттеліп, дайын өнім алу, сапасын жақсарту, астықтан түрлі өнімдер өндіру технологиясы жайында жан-жақты баяндалған. Астық дақылдарының дәстүрлі емес түрлерінен ұн өндіру технологиясы келтіріліп, дәннің құрылымы, физиологиялық ерекшеліктері және алынған ұнның пайдалы тұстары қарастырылған.
Сондай-ақ, астықтан алынған өнімдердің сапа көрсеткіштерін, машиналардың тиімділіктерін анықтаудың әдістері зерделенген, кейбір көрсеткіштерді есептеу мысалдары мен білім деңгейін бақылауға арналған сұрақтар, тесттер ұсынылған.
Оқулық өңдеу өндірістері саласындағы бакалавр технологтарға, магистранттарға, докторанттарға, ғылыми қызметкерлерге және астықты дайындау, сақтау, ұн,жарма, құрама жем шығару кәсіпорындарының мамандарына арналған.



«ТАҒАМ БИОТЕХНОЛОГИЯСЫ»

Оқу құралында тағам өндірудің түрлі салалары-наубайхана, сүт өңдеу өндірісі, спирт алу, сыра, шарап жасау сияқты микроорганизмдердің ашу процестеріне негізделген, сондай-ақ өндірісте биологиялық активті заттар түзетін микроорганизмдерді пайдалану және оларды өңдеу технологиялары қарастырылған. Сонымен қатар тағам өнімдерін сақтау мен қауіпсіздік шаралары, қазіргі кездегі генетикалық өзгеріске кірген тағам өнімдерін алу, оларды пайдалануға қойылатын талаптар жайында мағлұматтар берілген.
Оқу құралы жоғары оқу орындарының биология, биотехнология мамандықтары бойынша оқитын студенттерге, магистранттар мен тағам өндірісі технолог мамандарына ұсынылады.


 

«ТАМАҚ ӨНІМДЕРІН ТАНУ»


Оқулықта тамақ өндірісінде өндірілетін тауарлардың сипаттамалары, қасиеттері және сақтау ережелері берілген.
Оқулық «Тамақ өнеркәсібі өнімдерінің технологиялары» мамандығыбойынша оқитын оқушылар мен студенттерге арналған.






«НАН ӨНІМДЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ»

Оқулықта нан өнімдері өндірісінің технологиясы қарастырылған. Наубайхана өндірісінде қолданылатын шикізаттардың сапасы мен қасиеті, нан дайындаудың технологиялық процесінің стылары және мақсаты, нан сақтау, нан шығымы, нан ақаулары мен аурулары, нан өнімдерінің тағамдық құндылығы және оны жоғарылату жолдары, нан ассортименттері берілген.
Сондай-ақ қамыр дайындаудың аппаратуралық-технологиялық және қамырды бөлшектеп өңдеудің технологиялық сызбанұсқалары ұсынылған.
Оқулық жоғары оқу орындарының – «Өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандығы бойынша білім алатын студенттеріне және магистранттарына, сонымен қатар наубайхана өндірісінің технологтары және жетекшілеріне, менеджерлеріне арналған.


КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ


Б42 Беляев, А.
Т Адам-балық [Мәтін]: Роман / А. Беляев; Орыс тіл.аудар.Х. Тілемісов.
Астана: Аударма, 2011.- 224 бет.- (Әлем балалар әдебиетінің інжу-маржандары).
ISBN 9965-18-355-4

«Адам-балық» – су астында өмір сүре алатын  жігіт жайындағы шығарма.  Алыс  қиырдағы  ыстық  елде  су  жағасындағы  жартастың ұшар  басында  бір  үй  тұр.  Бұл  үйде  Құдай  өмір  сүреді.  Жергілікті аборигендер  өзінің  ізгі  еңбегімен  кедей  шаруалар  мен  балықшыларға қайыр қылып, сауап жасайтын данышпан хирург – доктор Сальваторды осылайша  атайды.  Бірақ  доктор  тек  қана  ем-дом  жасап  табиғаттың қателіктерін  түзетумен  ғана  шектелмейді,  ол    Құдайға  лайықты  іс- әрекетке барады.  Ғылымның ең озық жетістіктерін пайдалана отырып және өзінің талантының арқасында ол екі стихияда өмір сүре алатын, бірақ    адамдық  тіршілік  шындықтарына  икемделмеген  адам  жасап шығарады.


Аймауытов Ж.
А31 Ақбілек: повесть, роман.- Алматы: Атамұра, 2003.-280 бет.
ISBN 9965-05-874-1

Ж.Аймауытов қазақ әдебиеті мен мәдениетінің тарихында аса бай құнды әдеби мұра қалдырды.
Осы жинаққа жазушының «Ақбілек» романы мен «Күнікейдің жазығы» повесі еніп отыр. Аймауытов бұл шығармаларында сол бір аласапыран жылдардағы қазақ ауылы өмірінің шындығын, адамдар тағдырындағы өзгерістерді, ел тұрмысын, заман тынысын кеңінен суреттейді.
Жинақ қалың оқырман қауымға арналған.

 


Ж81    Жұмабаев, М.
Т Сен сұлу [Мәтін] = Свет красив: Махаббат жырлары / М. Жұмабаев.- Алматы: Ол-жас,
2009.- 144б.
ISBN 9965651698

Жалпы, поэзияны азаматтық әуен, табиғат лирикасы, махаббат жырлары деп тақырыпқа бөлу тым шартты, жасанды үрдіс. Сірә, өлең сөз атаулының қай-қайсысы да оның жүректен шығу-шықпауына байланысты. Мағжан Жұмабаев не нәрсені де жан-тәнімен тұтас сүйгенді махаббат дейді.
Осы орайда оны қазақтың сыршылдық, сезімдік лирикасының бас ақыны, жүрек сөзінің жыршысы деуге толық негіз бар. «Мағжан сөзіндей үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес. Ол жүректің қобызын шерте біледі» (Ж.Аймауытов).
Бұл кітапқа ұлы шайырдың махаббатшыл жүрек қобызын шерткен өлеңдері топтастырылды.



Абай
А13 Қалың елім, қазағым... Өлеңдер. – Алматы: Атамұра, 2002. – 224 бет.
ISBN 9965-05-488-6

Ұлтымыздың ұлы перзенті – хакім Абайдың бұл жинағына біршама өлеңдері іріктеп алынды. Өз заманынан оза туған ақынның терең ойлары мен асыл сөздері келешек заманаларда да гауhардай жарқырап, көзі ашық көкіректерге нұр болып құйыла берері хақ.
Қалың оқырман қауым Абай сөздері арқылы өз жүрегіне, өз табиғатына тағы бір үңіле түседі деп сенеміз.

 



С31 Сейдімбек, А.
Т     Аққыз [Мәтін]: повестер, әңгімелер / А. Сейдімбек.- Алматы: Атамұра, 2002.- 288б.
ISBN 996505651Х

Жинаққа жазушының оқырман қауымықыласына бөленген «Күзеуде», «Аққыз» сияқты повестері мен әңгімелері енді.
Бұл шығармаларда халқымыздың рухани биік парасаты, төлтума қасиеттері, мәдени бітімі шыншылдықпен көрініс тауып, ата-бабаның арман-аңсары, адам өмірінің мәні мен сәні сөз болады. Жазушының құнарлы тілі, халықтың тарихы мен өмір салтына жүйріктігі айрықша ден қойғызады.




Нұршайықов Әзілхан
Н 86 Махаббат, қызық мол жылдар. – Алматы: Атамұра, 2002. – 320 бет.
ISBN 9965-05-637-4

Әдебиет әлемінде мәңгілік тақырыпқа айналған «махаббат» мәселесі-бұл романның асыл арқауы... Кезінде қалың оқырманның тұмарындай, сүйікті шығармасы болған кітап бүгінгі күннің балғын оқырманын да бей-жай қалдырмайтыны белгілі. Осыны көздеген көңіліміз қазіргі жастардың да жанын тербеген, жалпы адам баласына тән мөлдір сезімді өзек еткен шығарманы тағы да шығарып отырмыз.

 


 

 

Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя" повесі (1974) - халқымыздың
XX ғасырдың басындағы этнографиялық энциклопедиясы іспетті аса құнды, қазақ руханиятының қазынасы. Салт-сана, дәстүр, ұлттық келбеті өте шынайы суреттеледі. Бауыржан Момышұлы Мемлекеттік сыйлыққа (1976) ие болған «Ұшқан ұя» кітабында он алтыншы жылдың дүрбелеңі мен күштеп ұжымдастыру кезіндегі тартыстар батыл айтылып, Кеңес өкіметі қалыптасуының алғашқы жылдары кеңінен қамтылған.

 

 


Ә82 Әуезов, М.
т      Абай жолы [Мәтін]. роман-эпопея / М. Әуезов.- Алматы: Жазушы, 2009. (Қазақтың 100 романы).

Төрт томды эпопеялық көлемді роман қазақ қоғамының жарты ғасырлық әлеуметтік, тұрмыстық, отбасылық, ғұмырын мейлінше дәл, айқын, адал бейнелейді. Оқиғалар жыл маусымдарының төрт мезгіліне бірдей, тәуліктің әртүрлі сәттерінде, күндемей, түндемей, толассыз өтіп жатады. Аталар буыны Құнанбайлар өмірінің соңғы кезеңі, орта буын Абайлар өмірі түгелдей дерлік, жаңа буын Әзімбайлар өмірінің тал түсі, жастөл Рахымдар өмірінің басы – бірімен-бірі жалғас, үзілмейтін тіршілік көшінің керуені іспеттес, бірін-бірі қуалай жосыған дария толқындары секілді сабақтас, жалғас қалпында көрініс табады. Бұл бір мәң­гілік толас таппас жақсылық пен жамандық, махаббат пен ғадауат, әділет пен зұлымдық шайқасы ретінде бейнеленеді.

 

 


 

Жаңа заман әдебиеті

 

 

Проза

Қорғасбек,Ж.
Үлпілдек. [Мәтін]: Роман-тәмсіл/Жүсіпбек Қорғаcбек.
-Алматы: «Жазушы», 2012. - 332б.

«Үлпілдек» роман-тәсілі заман көшінен қалып бара жатқан адамдардың жантәсілімін шынайы бейнелейді. Дүниенің бір шеңберден жазбайтын айналысына салып қарағанда,оларға үміт жібі үнемі тасталып отырады. Шығарманың пәлсапалық астары осылайша өмір мен өлім арасындағы мәңгілік жалғастықты іздеуден ашылады.  Дәстүрлі әдебиет стилі мен жаңашыл үрдісті шебер ұштастырған шығарма өзгеше өріммен өрілген.

 

 


Тұрысов,Е.
Темірлан.[Мәтін]:Тарихи роман/Еркінбек Тұрысов.
-Алматы: «Жазушы», 2012. - 264б.

Шығысханнан кейін,оның сұрапыл жорықтарынан  қалған өшпейтін ізін басып, ол аспаған аспан таулардан асып, Зұлхарнай (Македонский) жете алмаған Үндістанның көк дариясына арғымағын суарған  қаһарманның кемеңгер падишах, жауынгер қолбасы, жай қарапайым адам ретіндегі бейнесі де ашылмаған ақиқат, шешілмеген жұмбаққа толы. Романда Әмір Темірдің өмірі мен заманы,
жосынды жорықтары жайында кеңінен әңгімеленеді.

 


Әбдіқадыров, Қ.
Қажымұқан.[Мәтін]: Хикаят/Қалмахан Әбдіқадыров.
-Алматы: «Жазушы», 2013. - 240б.

Бұл шығармада классикалық күрес түрінен әлем чемпионының даңқ тұғырына көтерілген  әйгілі Күш Атасы Қажымұқанның жүріп өткен жолы, бастан кешкен тіршілік-тағдыр сәттері тартымды баяндалады. Өз өмірі халық мақтанышына айналып кететінін сезген алып жүректің келешекті ойлаған мақсаткерлігі де аңғарылғандай.


 

 

 


Тарази,Ә.
Жолы болғыш жігіт. [Мәтін]: Драмалық хикаяттар/Әкім Тарази.
-Алматы: «Жазушы», 2012. - 472б.

Қазақтың көрнекті жазушысы Әкім Таразидың «Жолы болғыш жігіт» атты кітабына биік адамгершілік, тұнық адалдық, кіршіксіз махаббат секілді мәңгілік тақыраптарды өзек етіп алған философиялықтолғамға толы шығармалары еніп отыр. Шығармалардың тілі жеңіл, оқиғасы қызғылықты, тағылымдық мәні зор, шынайы шыншылдық пен ұлттық рухтың отты лебі сезіліп тұрады.

 

 

 


Телеуова,З.
Банкирдің өлімі. Махаббаттың ажалы. [Мәтін]:Романдар/Зияш Телеуова.
-Алматы: «Жазушы», 2013. - 196б.
Кітаптағы шытырман оқиғалы шығармалар бас кейіпкердің ауызынан естіген әңгіме желісімен жазылды. Ұзақ жыл ауданда прокурор болып қызмет істеген заңгер қоғамдық құрылыс өзгеріп, еліміз тәуелсіздік алған соң, отставкаға шығып, қорғаушы болып жүргенде, бұрынғы шәкірті ішкі істер бөлімінің тергеу басқармасын басқаруға қолқа салады. Ол осы жаңа қызметінде қарамағындағы тергеу ісінен тәжірибесі аз жастарды қылмысты әшкерелеудегі алуан әрекеттердің қыр-сырына үңілдіріп, тәлімгерлік көрсетеді.


Жаңа заман әдебиеті Поэзия

 

Үсенов,Б.
Менің бұлтым [Мәтін]: Өлеңдер,поэмалар/Бауыржан Үсенов.
-Алматы: «Жазушы», 2012. - 224б.
Өмірден ерте өткен дарынды ақын Бауыржан Үсеновтің есімі жыр сүйер қауымға жақсы таныс. Жастыққа тән жігерлі жырларымен көзінің тірісінде-ақ оқырман қауымның ыстық ықыласына бөленген еді. Жинаққа лирикалық туындыларының
ең таңдаулылары енгізіліп отыр.

 

 

 


Қалқа,Н.
Мизам шуақ [Мәтін]:Өлеңдер,балладалар/Нұрлан Қалқа.
-Алматы: «Жазушы», 2013. - 192б.

Бұл кітапқа автордың кейінгі жылдары жазылған өлеңдері,балладалары енген.
Адамгершілікке үндейтін, отансүйгіштік рухтағы, достық пен махаббат тақырыбын қозғайтын ойлы да орамды жылдары өз оқырмандарының жүрегіне жол табады деген ойдамыз. Кітап жырсүйер қауымға арналған.

 

 

 


Жанартау.
[Мәтін]:Жас ақындардың шығармалары /Құрастырған Сәндібек Жұбаниязов.
-Алматы: «Жазушы», 2012. - 192б.

Әдебиеттегі дәстүр жалғастығының бірден-бір көрсеткіші – бүгінгі қолына қалам ұстаған, көкейінде сөз өнерін пір тұтқан жас өркен екендігі белгілі. Сондықтанда ұлттық әдебиетіміздің бүгінгі жас буынының талабына қолдау көрсетіп,болашағына ақ жол тілеу- игілікті іс-шара болмақ. Бұл жинақта осындай өлеңге ғашық жастардың тау қарындай таза, бұлақ суындай мөлдір өлең-жырлары топтастырылған.

 

 


Қайыңбаев,М.
Кісендеулі қолжазба.[Мәтін]: Өлеңдер/ Мәди Қайыңбаев
-Алматы: «Жазушы», 2013. - 192б.

Ақынның бұл кезекті жыр жинағына бұрын еш жерде жарияланбаған өлеңдері еніп отыр.  Автордың пайымдауынша, ол өзінің көптеген өлеңдерін әлі де шикілеу ме деген оймен «кісендеулі» күйінде ұстаған. Сондықтан да жинақтағы өлеңдердің соңына жазылған уақыты берілген.Әйтсе де, өмірге келген әрбір шығармаға уақыт сыншы екені анық.

 

 


 

Әлімұлы,А
Атақоныс [Мәтін]:Өлеңдер мен толғаулар /Аманхан Әлімұлы
-Алматы: «Жазушы», 2013.-224б.

Белгілі ақын Аманхан Әлімұлының жаңа жыр жинағындағы өлеңдерінің барлығы дерлік мерзімді басылымдарда жарияланып,олардың енді біреулері қайта қаралып,жаңарған күйінде жарық көріп отыр.
Жинақ Алла жаратты табиғат пен адам, жалпы жаратылыс үндестігін паш ететін лирикалық өлеңдерден тұрады. Олардағы тіл, образ, музыка «Ақынның үндестік ұлы екендігін көрсетеді.

 

 

Рухани нәр алып, тіл байлығыңызды дамытқыңыз келсе көркем әдебиет секторына келіңіз!!!

Біздің мекен жайымыз:
ГӘҒИ кешені. 1.3 -105.
Көркем әдебиет секторы.

 

© 2013 Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасының ресми сайты
Барлық құқықтар қорғаулы

Байланыс:
Қазақстан Республикасы,
Тараз қ., Төле би көш., 60
тел:8 (7262) 45 74 33
факс:8 (7262) 43 24 02
targubibl@tarsu.kz