Құжаттарды электрондық  жеткізу (ҚЭЖ) – оқырмандардың өзіне қажет құжатқа (мәтіндер, кітаптан үзінділерге)  сайт арқылы сұраныс беруіне мүмкіндік беріп, сұраныс бойынша құжаттың электронды көшірмесін дайындап, оқырмандарға  жеткізетін -  кітапхана технологияларының заманауи түрінің бірі.  
    Кітапханалық-ақпараттық орталық:
 - абономенттердің  тапсырысын өзінен немесе электронды пошта бойынша  қабылдайды;
 - қызмет түрі  КАО-тың қорындағы  құжаттың түпнұсқасын уақытша пайдалану  және құжаттың көшірмесін беру ұсынылады ;
- тақырыптық тапсырыстарды қабылдайды (тақырыптық тізімдерді дайындау және құжаттарды реттеу).
   Тапсырыс үшін мына материалдарды алуға болады:
 - журналдар мен газеттерге шыққан мақалалар;
 - кітаптан фрагменттер;
 - тақырыптық кітапнамалық тізімдер;
 - МБ-ғы  нормативті – құқықтық актілер.
  Орындалу мерзімі: тапсырыстың күрделілігіне қарай, 2 жұмыс күні ішінде орындалады.
 Маңызды жағдайлар:
 - Қажетті құжаттың біздің қорда бар екендігін тексеру үшін, міндетті түрде виртуалды анықтама, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштасы немесе 8(7262) 45-74-33 телефоны арқылы хабарласыңыз;
 - Ұсынылатын құжат авторлық құқығы қорғалып,  кітаптың көлеміне қарай 10 беттен аспайтын көлемде құралып, ұсынылады;
 - Төменде орналасқан, тапсырыстың электронды формасы толтырылады;
 - Тапсырыс берілген құжаттың электронды көшірмесі, көрсетілген электронды  адрес бойынша ТЕГІН жіберіледі. Тапсырыс берілген құжаттың электронды көшірмесін алғаннан кейін, пайдаланушы сол құжатты алғандығын айтып, кітапханаға хабар береді.
  Өте маңызды! Барлық көшірмелер тек қана ғылыми, мәдени және білім алу мақсатына пайдаланылады.  Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы №6-1 (2009 жыл 10 шілдедегі жағдай бойынша енгізілген өзгерістер мен қосымшалармен қоса) «Авторлық құқық және қосарлы құқық» туралы  Заңына сәйкес,  тек  заң арқылы рұқсат берілген (электронды құжатты бір рет көшіріп алудан басқа), алынған көшірмелерді тиражбен көбейтуге, басқа да түрлермен шығаруға, көшірмелерді кез келген негізде  басқа адамдарға немесе ұйымдарға беруге тыйым салады.