Виртуалды анықтама қызметі - барлық тақырыптық бағыттар бойынша ақпарат іздеуге байланысты КАО-тың қашықтықтағы пайдаланушыларына (http://lib.tarsu.kz/index.php/kz/yzmet-k-rsetu/onlajn-yzmet-k-rsetu) қызмет көрсетілуіне  арналған онлайндық анықтамалық-библиографиялық қызмет.
    Виртуалды анықтама қызметі мыналарды орындайды:
   - КАО-тың қорында бар нақты құжаттың бар екенін дәлелдеу сұраныстарын;
   - тақырыптық сауалдарды. Осы сұраныс бойынша белгілі бір тақырыптағы құжаттар тізбесі бар анықтама беріледі;
 - фактографиялық сауалдарды (нақты оқиға, мекеме, атақты тұлға туралы мәлімет, анықтамалық, энциклопедиялар және т.б. бойынша терминдерді анықтау). Осы сұраныс бойынша пайдаланушыға ақпарат көздері бар анықтама беріледі;
   - нақтылау сұраныстар.
   Сұраныстар күнделікті қазақ және орыс тілдерінде қабылданады және түскен ретімен 1-3 күнде орындалады. Орындалған сұраныстар мұрағатынан қажетті ақпаратты өзініз таба аласыз.
     Негізгі шектеулер: 
  Мына сауалдар қаралмайды: КАО қызметінің тақырыптық бағыты шеңберінен  шығатын мәселелер; заң және нормативтік актілерді түсіндіру және талдау;   оқыту мазмұндағы ақпарат беруге (математикалық, физикалық, химиялық және басқа есептерді шығару, мәтіндік жұмыстарды орындау – реферат, курстық  және дипломдық жұмыстар және т.с.с., мәтіндерді аудару); дұрыс емес қойылған сауал.