Әдебиеттерге тапсырысты рәсімдеу

Кітапхана оқытушылар мен университет қызметкерлерінен әдебиеттерге тапсырыс қабылдайды.Тапсырысты қабылдау арнайы Тапсырыс Бланктері бойынша жүзеге асады.

  1. Тапсырыста оқытушылар жұмыс істейтін құрылым бөлімдері немесе кафедралар көрсетілуі қажет.
  2. Кітапхана каталогынан кітаптың барын тексеру.
  3. Тапсырылатын басылымдар саны оқу процесінің кітаппен қамтамасыз ету  талабымен анықталу қажет. (негізгі әдебиет бойынша коэффициент 0,5-бір студентке, қосымша әдебиет  бойынша 0,2-0,25 бір студентке )
  4. Тапсырысты рәсімдеген кезде  ҚР Білім және ғылым министрлігінің  арнайы белгісі (гриф) бар басылымдарға аса назар аударылады.
  5. Тапсырыс берілген кезде мамандығы мен пәні міндетті түрде көрсетілуі қажет.
  6. Тапсырыс кафедрада келісілген және кафедра меңгерушісінің қолымен рәсімделген болуы қажет.

Кітапхана қажеттілігі мен оқырман сұранысы бойынша кітапхана әдебиеттер санына өзгерістер енгізуге құқылы.