ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті оқырман қауым!

        Сіздерді Кітапханалық-ақпараттық орталық 2020ж. 11.03.-13.03 аралығында өтетін ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры»  мақаласына орай, кітапхана оқырмандарына  өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеу,  еліміздің терең тарихы мен мәдениетін кеңінен насихаттау мақсатында «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» атты «Ақпараттық әңгіме  сағатына» қатысуға  шақырады.

       Өтетін орны: ГӘҒФ кешені, №1 оқу залы.

Сіздерді күтеміз! Келіңіздер! Көріңіздер! Танысыңыздар!    

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті оқырман!

       Кітапханалық-ақпараттық орталық қоры «Бәрі де өз қолыңда» оқу клубының меценаты Утенов Азамат Серікқанұлының қолдауымен 142 дана іскерлік, көркем және өнер саласына арналған әдебиеттермен толықтырылды. Меценат өзі оқыған заманауи және шетелдік авторлардың кітаптарын кітап қорына сыйға тартты.

        Бұл әдебиеттер жарнамалық мәтіндер жасауға, арандатушылық сұрақтарға қалай жауап беруге және сәтті келіссөздер жүргізуге, іскери қарым-қатынас психологиясы мен бизнесті дамыту мәселелерін зерттеуге арналған.

         Алдағы уақытта кітапханалық-ақпараттық орталықтың барлық оқу залдарын осы әдебиеттермен толықтыруды және Азамат Утеновтың жастармен кездесуін жоспарланып отыр.

           Бұл әдебиеттермен «Ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсету» бөлімінде (2.2.201) танысуға болады.  

Келіңіздер! Көріңіздер! Оқыңыздар!

 

ХАБАРЛАНДЫРУ!

           Құрметті Кітапханалық-ақпараттық орталық пайдаланушылары! 2020 жылдың 4 наурызы мен 4 маусымы аралығында  "Университет кітапханасы онлайн" электронды-кітапхана жүйесіне тестілік кіру мүмкіндігі ашылды.

          "Университет кітапханасы онлайн" электронды-кітапхана жүйесіне сайтында пайдаланушыларды тіркеу  http://biblioclub.ru /  интернет желісіне қосылған ЖОО компьютерлері арқылы жүзеге асырылады . Тіркеуден кейін пайдаланушыға электронды-кітапхана жүйесінің ресурстарына қашықтан қол жеткізу ұсынылады.

ҚЫМБАТТЫ ХАНЫМДАР!

         Сіздерді 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Әйел-Ана — өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары. Асыл да таза махаббат жүректеріңізден мәңгілік орын алсын! Баршаңызға асыл армандардың орындалуын,  жан жадыратар  қуаныштың мол болуын, отбасы бақыты мен берекесі сарқылмауын, денсаулықтың мұқалмауын тілейміз!

                  8-Наурыз мерекесі құтты болсын!

 

«АБАЙ - ДАНА, АБАЙ – ДАРА ҚАЗАҚТА!»

«Абай - дана, Абай – дара қазақта!» тағылымды кездесу, танымдық бағдарлама

   2020 жылдың  24 ақпанда  «Абай - дана, Абай – дара қазақта!» орталықтың ұйымдастыруымен өткен әдеби-танымдық бағдарлама Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына арналды. Әдеби-танымдық шара әдеттегі жиындардан ерекшеленіп тұрды. Университетіміздің «Тұмар» ұлттық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен «Көзімнің қарасы» әні, «Балбырауын» күйі орындалды. Алғы сөзбен іс-шараны ашқан университет ректоры Махметғали Нұрғалиұлы әдеби-танымдық бағдарлама Абай атын танытып, насихаттауда өтіп жатқан айтулы шаралардың жалғасы екенін жеткізді.

   Абайды көпшілігіміз ақындық қырынан танимыз. Ал оның философ, ойшыл, сазгерлік, қайраткерлік қырларын әлі де зерделей түсуіміз керек. Жуырда Н.Л.Гумелев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ерлан Сыдықовтың «Құнанбай» кітабы жарыққа шықты. Кітап Мәскеу қаласында орыс тілінде үш мың данамен жарық көрген. Тарихи шығармада Абайдың әкесі Құнанбайдың өмірі мен елге сіңірген еңбегі қозғалады,- деп М. Сарыбеков туындымен таныстырып, мазмұнына да тоқталды.

Оқуды жалғастыру