СЕМИНАР

Құрметті оқытушылар, магистранттар және студенттер!

Clarivate Analytics компаниясы Сіздерді  «Web of Science платформасының негізгі ақпараттық-аналитикалық құралдары. Журналдарды жариялауға арналған іріктемелер» атты семинарына қатысуға шақырады. Семинар 15.03.2019ж сағ.14.00-де Тех.кешенінің 1-қабаты,  Интернет-класында  (Корпус 2.1, фойе) өтеді.  Семинар жүргізушісі - Clarivate Analytics компаниясының өкілі, ақпараттық ресурстар мен білім беру бағдарламалары жөніндегі сарапшысы – Инеш Кенжина. Семинар нәтижелері бойынша қатысушылар сертификатқа ие болады.

«ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ – ҰЛЫ ҒҰЛАМА»

Құрметті оқырман қауым!

Сіздерді, Кітапханалық-ақпараттық орталықта (тех.кешені, 2-1 оқу залы, 2-қабат) наурыз айының 12-31 жұлдызы аралығында Ұлы даланың ұлы тұлғасы, ұлтымыздың мақтанышы – Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отырған «Әбу Насыр әл-Фараби – ұлы ғұлама»атты кітап көрмесіне шақырамыз. Кітап көрмесінен ойшыл бабамыздың көпқырлы мұрасы мен қазіргі заманда өзекті болып саналатын жалпы адамзаттық құндылықтары жайлы еңбектерімен  таныса аласыздар.

КЕЛІҢІЗДЕР! ТАНЫСЫҢЫЗДАР!

«РАХМЕТ САҒАН, ОТАНЫМ!»

Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған күн. Тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдері үшін қасиетті қазақ жері олардың өз Отанына айналды.

Оқуды жалғастыру

ҚЫМБАТТЫ ХАНЫМДАР!

 
 
Сіздерді жыл мезгілінің ең көрікті де қуанышты мезгілі көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Әрдайым әдемі, жылы жүректі аналық абыройлы атақтарыңыз биіктей берсін!
Әр таңдарыңыз арайлап атып, күндеріңіз нұрға толсын!
Ізгі ниетпен: «Кітапханалық – ақпараттық орталық» ұжымы

«БІР ЕЛ – БІР КІТАП-2019» АКЦИЯСЫ

Барлық кітап сүйер қауымға акция аясында таңдалынған шығармамен тереңірек танысу үшін Кітапханалық-ақпараттық орталық оқырман конференцияларын, кездесулер, түрлі танымдық әдеби кештер, өмірі мен шығармашылығына арналған тұсаукесерлер және т.б. көпшілік іс-шаралар өткізеді.
«Филология және журналистика» кафедрасының доценті Балзия Баешова өз сөзінде кешке атсалысқан студенттерге алғысын білдіріп, белсенді қатысқан студенттерді Университетіміздің Бірінші проректорының алғыс хатымен марапаттады. Көркем әдебиет секторының қызметкері Нұргүл Кабазова барша оқырман қауымды «Бір ел – бір кітап» акциясына қатысып, ақын-жазушыларымыздың шығармашылығымен танысуға шақырды.

Оқуды жалғастыру