Яндекс.Метрика

                                                                                           

АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ!

Құрметті оқытушылар, магистранттар және студенттер!
 
Баршаңызды халқымыздың ең ұлы мейрамы, адам баласы мен табиғат ана қайта жаңғырып, түлейтін - әз Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы деп бағалаған. Олай болса, баршаңызға Әз-Наурыз мерекесі қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар мен жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін.
Арайлап атқан әрбір таң шат көңіл, бақыт және береке сыйласын.